Шымкентте ата-аналарға айыппұл салынды

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Шымкент қаласында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік шара ұйымдастырылды.  Оған «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Рейдтің негізгі мақсаты – заңға сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүрмеуін тексеру, ата-ананың қарауынсыз қалу, келеңсіз жағдайлардың алдын алу еді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 442-бабы 2-бөлімі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы) бойынша 28 әкімшілік хаттама толтырылып, 70 тұрғынға ауызша ескерту салынды.