Үздік жаңалықтар

Бүгінде Алматыда туризм индустриясының барлық бағыты қарқынды даму үстінде. 33 туризммен сабақтас сала оның дамуының нәтижесін көріп отыр. Бұл туризмнің Қазақстан экономикасы үшін маңызын арттырады.

Бұл таулы аймақтарды, орналасу нысандарын, қоғамдық көлікті, қоғамдық тамақтану нысандарын абаттандыруға, мегаполистің туристік мүмкіндіктерін халықаралық деңгейде ілгерілетуге қатысты.

Қазақстанға келетін шетелдік туристердің 50 пайызы Алматыға келіп демалған.

Мұндай жоғары көрсеткіштерге туризм саласын дамыту жолында іске асырылған нақты шаралардың арқасында қол жетті. Атап айтқанда:

• Алматы халықаралық әуежайынан транзит арқылы ұшатын Қытай және Үндістан азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режім енгізілді. Соның арқасында 2018 жылғы сәуірден бастап Алматыға 10,5 қытай және 2,5 мың үнді азаматы келді.

• 18 380 қонақ бір кездің өзінде Алматыда бола алады.

• Орналасу нысандарының саны былтырғыдан 21% өсті.

• 64 көрсеткіш таудағы соқпақтарға орнатылып, туристердің жол табуына көмектесіп тұр. Сондай-ақ таудағы 15 бағдардың 10-ы таңбаланды.

• Алматы қаласындағы 39 туристік оператор туристерге турлардың 90 түрін ұсынады. Операторлардың барлығы TripAdvisor-ға тіркелген.

• Шымбұлақ тау-шаңғы курорты «ТМД-ның тауда белсенді демалуға арналған ең танымал курорттары» рейтингінде 1-орынды иеленіп тұр.

Қазақстандық айырбас нүктелеріндегі доллардың бағамы 383 теңгеге өсіп кетті. Бұл туралы Kurs.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Желіде Румынияда болған қатты құйынның видеосы таралды, - деп жазады Lenta.ru.

Видео Facebook желісіндегі Severe Weather Europe парақшасында жарияланды. Жергілікті digi24 басылымының мәліметінше, апат 30 сәуірде кешкі уақытта болған.

Румынияның оңтүстігінде - Дражн ауданы, Кэлэраш округінде болғаны айтылады. Мұны сол жақтан өтіп бара жатқан жүргізуші түсіріп алған.

Жергілікті биліктегілердің сөзіне қарағанда, апат салдарынан ондаған үй қирап, жолаушылар отырған автобус аударылған. Қазіргі уақытта ол аумақта құтқарушылар жұмыс істеп жатыр

Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске қосты. Жобаның жалпы құны 200 миллион теңгеден асады. Жұмыс алты ай ішінде аяқталады. Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесінің алғашқы нысаны XVIII ғасырдың ортасында бой көтерген. Қазіргі сәулеттік келбеті XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басына жатады. 2006 жылы кесене ескі іргетасының орнына күйдірілген кірпішпен қайта тұрғызылған. Құмкент ауылынан оңтүстікке қарай 3 шақырым жерде орналасқан бұл ескерткіш Созақ өңірімен біте қайнасқан, халықтың тарихи санасында ерекше орны бар нысан. Кесене «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» мемлекеттік бағдарламасы аясында елдегі 100 ұлттық қасиетті орынның қатарына енгізілген. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жобаны 2026 жылғы ғылыми-реставрациялық жоспарға енгізді. Реставрация жұмыстары аккредиттелген компания дайындаған және Түркістан облысы мәдениет басқармасымен келісілген ғылыми-жобалық құжаттама негізінде жүргізіледі. Жоба аясында кесенемен қатар маңайындағы инфрақұрылым, оның ішінде қонақүй, асхана және қараушының үйі де жөндеуден өтеді. «Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қалпына келтіру — Halyk қорының мәдени мұраға деген жүйелі көзқарасының бір көрінісі. Қор бүгінде бір мезгілде бірнеше ірі бағытта жұмыс істейді: Алматыда үлкен мешіт салынуда, «Ауыл спорт» жобасы арқылы ауыл балаларына өз өңірлері мен басқа аймақтардың құрдастарымен жарысып, шеберліктерін шыңдауға нақты мүмкіндік берілуде, білім және мәдениет саласында бастамалар іске асырылуда. Бұл жобалардың әрқайсысы өз алдына тұрса да, барлығы ортақ мақсатқа — қоғамның әр бұрышында мүмкіндіктер экожүйесін қалыптастыруға — қызмет етеді. Баба Түкті Шашты Әзиз де осы жүйенің бір буыны», — деді Halyk қорының Атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов. «Халық дән риза, бұл — киелі мекен ғана емес, ел тарихы мен бабалар аманаты тоғысқан қастерлі орын. Қариялар батасын берді. Жұрт бұл бастаманы үлкен қуанышпен қабылдап отыр. Тимур Құлыбаевтың Halyk қорына алғысымыз шексіз. Осындай игі істер арқылы елге ортақ тарихи мұра жаңарып, келешек ұрпаққа лайықты күйде табысталады деп сенеміз», — деді Құмкент ауылының әкімі Ерзат Балықбаев. 2016 жылы Тимур және Динара Құлыбаевтар негізін қалаған Halyk қоры қоғамның тұрақты дамуына бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді. Қордың білім, спорт және экология салаларын қамтитын 200-ден астам жобасы бар. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасыларды қолдап, төтенше жағдайларда көмек көрсетеді. Соңғы он жылда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 90 млрд теңге бөлініп, еліміздегі ірі қайырымдылық ұйымдарының біріне айналды.

«Даму» қоры бизнес ашудан бастап масштабтауға дейінгі барлық кезеңде кәсіпкерлерге қаржылай және қаржылай емес құралдар ұсынады. Қолдау алгоритмі: ✔️ Бағдарла таңдау Қор кепілдік, субсидия беру, жеңілдікпен қаржыландыру, сондай-ақ оқыту және кеңес беру шараларын ұсынады. Таңдау қызмет саласына, жоба параметрі және бизнес мақсатына байланысты. ✔️ Серіктес ұйымдар арқылы өтініш беру Қаржы екінші деңгейлі банктер мен лизингтік компаниялар арқылы беріледі. Қаржы ұйымы өтінімді стандартты несие рәсімдеу процедуралары аясында қарастырады. ✔️ «Даму» Қорының қолдауын алу Бағдарлама шарттары бойынша Қор бизнестің қарыз жүктемесін азайтып, несиеге кепілдік беріп немесе өзге де қолдау шараларын ұсынады. ✔️ Қаржылай емес құралдар Кәсіпкерлер Қордың өңірлік филиалдарынан және консалтингтік серіктестерден толық кеңес пен сүйемел көмек ала алады. Сондай-ақ білім беру бағдарламасы бойынша тегін оқу курсын тәмамдайды.

Кәсіпкерлерге ескертетін жайт – мемлекеттік бағдарламаға бұрын қатысып көрмеген болсаңыз және алғаш рет өтінім беру ойыңызда болса сіз тегін кеңес алатын жер бар. Ол – «Даму» Қорының филиалы. Барлық облыс орталығы мен ірі қалалардағы филиал мекенжайын damu.kz сайтымыздың бас бетінен немесе инстаграмдағы актуал бөлімнен таба аласыз. Біздің менеджерлер бағдарлама жайында толық мағлұмат береді. «Даму» Қоры арқылы жеңіл несие, субсидия, кепілдік алу жайын білгіңіз келсе 1408 нөмірі бойынша да біздің кол-орталыққа (тегін) хабарласыңыз. Ал алаяқтық фактілерін білсеңіз Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. поштасына ақпарат жіберіңіз. Заңсыздықпен бірге күресейік!