Саналы ұрпақ – ел болашағы
Шымкент қаласындағы Саттар Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейі 1-маусым -Халықаралық балаларды қорғау күніне арналган “Барлығы балалар үшін!” республикалық акциясы аясында іс-шаралар атқаруда. “Әр бала бақытты отбасы”, “Досыңның қолы” сурет салу, “Балаларға жылу сыйла” тақырыбында өлең оқу, ризашылық, мейірімділік, “Жүректен жүрекке” тақырыптарында ой қозғау эстафетасы өткізілді.Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді. БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес. Осылайша, Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру, жасөсіпрімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуболып табылады. Білімді, саналы ұрпақ –е л болашағы.
Саналы ұрпақ – ел болашағы
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode