Құнды белгілерге құрмет көрсетті
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №14 Айбек атындағы жалпы орта білім беретін мектебі Қазақстан Республикасының Рәміздер
күніне арнайы бейнеролик дайындады. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне орай "Менің туым" атты челленджін жолдады. «Бүгінгі жас өскіндердің бойына отаншылдық рухты дарыту үшін мұндай айтулы күндерді ерекше атап өткен жөн. Жасөспірімдер еліне, жеріне қызмет етемін деп құқықбұзушылықтан бойын аулақ салады. Оқушыларға жастайынан патриоттық рухты сіңіре беру керек» деп санайды ұстаздар қауымы.
Құнды белгілерге құрмет көрсетті
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode