Дамудың басым бағыты

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Дамудың басым бағыты

Біз де өзіміздің ұлттық код, ұлттық мәдениет, ұлттық салт-дәстүріміз бен тілімізді, діліміз бен дінімізді сақтағымыз келсе өзімізбен өзегі өзектес, тарихи тамырлас түркі әлемінің ұлы көшінен кейін қалмауымыз керек. білім.Білім болғанда да ұлттық рухани құндылыққа негізделген білім. Бәсекеге қабілетті болу үшін білімді болумен қатар, дұрыс тәрбиеде алу қажет. «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» деп Әл-Фараби бабамыз айтқандай, біз тәрбие мен білімді қатар жүргізуіміз қажет. Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу да басты міндетіміз болуы керек. Бүгінгі жас ұландарымыз, ертеңгі ел басқарар тұлғаларымыз екенін ескерсек, дамыған ұлы державалармен еліміздің мүддесі үшін иық тіресіп олардың өзімен өз тілдерінде емін-еркін сөйлесіп, жүйелі жұмыстар жүргізе алулары үшін де үш тілділік біздің қоғамымыз үшін өте қажет. Сандық Қазақстанның болашағы өсіп келе жатқан ұрпақтың қолында. Себебі ХХІ ғасырдың ұрпағы сандық әлемге етене енбесе, Кеңестік кезеңнің дәмін татқан буынның икемі бірден келе бермейді. Басты талап -меңгеру. Қай жағынан келсе де кез келген саланы жіті меңгере отырып, жұмыс жасау. Тіл үйрену, қабілетті болу, ел үшін тер төгу. «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деген сөзі де әлі ықпалын жоғалтқан жоқ. Тіпті бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табатын дана сөз болып қалары анық.  Жастардың билікке келуі, олардың сауаттылығы мен ел басқарудағы әрбір міндеттері маңызды рөл атқарады. Шалалыққа бармас үшін әрбір қазақстандық жас осы мақаладағы көрсетілген міндеттер мен тапсырмалар негізінде жұмыс жасауы керек. Бұл тек бүгінімізге ғана шолу жасаған мақала емес. Онда болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілген. Қазір әлемдегі жағдай тұрақсыз. Терроризм қаупі жаһанға төнді. Бұл орайда Қазақстан әлем үшін бейбітшіліктің бесігі саналады. Ал рухани жаңғыруға көшу елімізді жаңа асудан асыратынына сенемін. Саяси реформаларға да кірісіп кеттік. Ал енді мынау рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. Шынында бүгінгі таңда біздің халқымыз үшін ежелден келе жатқан біздің салтымыз бен дәстүріміз, мәдениетіміз – біздің ұлттық кодымыз.

Сағынтаев Қайрат Сағынтайұлы

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы