Мәңгілік құндылықтар
Қоғамның келешегі білім беру жүйесіне тәуелді, өйткені бүгінгі балалар уақыт өте келе елдің және жаңа заман тағдырының жасампаздары болатынын нық сеніммен айтуға болады Адамзаттың жаһандық мәселелерінің негізгі көрінісі тұтыну идеологиясының кең таралуы болып табылады. Әрбір белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыру адам бойында жаңа бір қажеттіліктерді туындатады. Осыған сәйкес, адам шексіз, сарқылмайтын қажеттіліктердің шырмауына түседі. Демек, ең алдымен, адамның өзінің өзгеруін, адамзатты материалдық игіліктерді тұтыну идеологиясынан рухани өзін-өзі кемелдендіруге қайта бағдарлау жөнінде ойлау қажет. Әңгіме қоғамның әлеуметтік және адамгершілік бағдарларының өзгеруі жайында болып отыр және бұл үдерістегі жетекші рөл білім беру жүйесіне тиесілі.Рухани-адамгершілік білімнің маңыздылығы жайында ұлы қазақ классиктері де айтып кеткен. Мысалы, Шәкәрім Құдайбердіұлы ғалымдарға «Ар-ұждан ілімін» әзірлеп, оны барлық білім беру ұйымдарына міндетті пән ретінде енгізу жөнінде ұсыныс айтқан. Бүгінгі таңда Шәкәрім Құдайбердіұлының арманы жүзеге асты деуге болады, себебі, Қазақстанның барлық жалпы білім беретін мектептерінде өткізілетін өзін-өзі тану сабақтары – ар-ұждан сабақтары болып табылады.Шәкәрiм Құдайбердiұлы «Адамның жақсы өмiр сүруiне үш қасиет негiз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мiнсiз ақыл, таза жүрек. Бала кезден бастап адам бойында жоғары ар-ұят, өзін-өзі сыйлау сезімдерін тәрбиелеу айуандық инстинкттен аулақ болуға, зиянды құмарлықтарды жоюға көмектеседі» — деп санады.
Қазіргі заманғы білім беру ісінің мәселелері тек қана мәңгілік рухани-адамгершілік құндылықтар білім берудің бастапқы қайнар көзі болғанда ғана, басқаша айтқанда, бұл отбасылылқ құндылықтар біз оқытып, үйрететіннің барлығымен біртұтас болғанда ғана өз шешімін табады. Рухани-адамгершілік білім беруде «Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен ықпалдастырып өту бұл — мектеп білімін жандандыру, оның рухани-адамгершілік қырын көрсету, бүтін-жанды білім, жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі барлық пәндердің қорытындысы мен көптүрліліктің бірлігін көру. Мәңгілік құндылықтар, отбасылық құндылықтар білім берудің қазығы, басқаша айтқанда, біздің берген білімімізбен қатар бірлігі мен бүтіндігін құрауымыз керек.Бұл пән білім берудің құндылықтық мәнін күшейте отырып, адамның өзін-өзі жетілдіруіне, адамгершілікпен қадам жасауына, жақсыны көруге, жақсылық жасауға деген қабілеттерін дамытып, бағыттарын ашады.
Институтымызда курс тыңдаушыларымен осы бағыттарды жүзеге асыруда бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Болашаққа бағдар болған бағдарламаның басынан-ақ ұлттық сана жайлы сөз қозғалады. Бұл даму жолында ұлттық кодты сақтау қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Халық пен ұлттың дәстүрлері жаңғыру жолында бірге жаңарып, заман сынынан сүрінбей өтіп, жаңғырудың алғы шартына айналуы тиіс. Жаңғыру ұлттық-рухани тамырдан нәр алып, қоғамның дамуына ықпал етуі тиіс.
Аскарова Айжамал Турганбеккызы
«Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ, өзін-өзі тану пәнінің тренері.
Мәңгілік құндылықтар
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode