Болашаққа жөн сілтеп...

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Болашаққа жөн сілтеп...

Шымкент қаласындағы Жол-көлік Колледжі студенттерді сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұдайы алдыңғы орында. Студенттік кезең – адам жадында ерекше естеліктерімен жатталып жаңғырып тұратын, мәңгілік ұмытылмастай өз алдына бөлек дүние екендігі белгілі. Осындай керемет шақтың көрінісі ретінде Жол-көлік колледжі ОДД 9-191 оқу тобы студенті Жақсылық Сұлтанның «Студенттің бір күні» тақырыбындағы бейнебаянын жасап шығарды. Кітаптан бас алмай, біліммен сусындап жүрген жастардың қылмыс атаулыға қол былғауға да уақыты болмайтындығын меңзейді. Болашақ нәпақасының негізін бүгіннен қалап, барынша еңбектеніп жүрген білімгерлерге ұстаздарының да айтар алғысы шексіз.