Мақсатымыз – отбасылық құндылықты дәріптеу
Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы кітапхана әлеуметтік желілерде түрлі байқаулар, іс шаралар ұйымдастырып келеді. Оқырман қауымға аса қажетті пайдалы дүниелерді насихаттайды. Ұлттық тәрбие, отбасылық құндылық, отансүйгіштікті дәріптеуде атқарып отырған жұмыстары мақтауға тұрарлық. Әлеуметтік желіде тікелей эфирде өтетін сұхбатқа келген қонақтар оқырман үшін өте пайдалы ақпараттармен, керекті дүниелермен бөліседі. Жобаның қонақтары Шымкент қаласындағы кітапхана басшылары. Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы – әмбебап профильді кітапхана. Облыстағы 14-29 жас аралығындағы жастарға арнайы мамандандырылған кітапхана, оқырмандардың талаптары мен тілектерін қанағаттандырып бүгінгі таңда заманауи қызмет үлгілерін ұсынып отыр. Өзінің 40 жылдан асқан даму тарихында түрлі өзгерістердің куәсі болған кітапхана пайдалы іс шараларды оқырман назарына ұсынуда.
Мақсатымыз – отбасылық құндылықты дәріптеу
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode