Отбасы мектебінің көмегі көп
Бүгінде отбасылық құндылықтарды құнттау, отбасы институтын дамыту бағытында түрлі ұйымдар жұмыс атқаруда. Сайып келгенде бәрі де отбасының іргетасы мықты болуы үшін атсалысады. Отбасындағы бала бақыты, ата-ананың татулығына үндейтін мұндай ұйымдардың жұмысының нәтижесі де жаман емес. "Отбасы мектебі" қоғамдық қоры осы тарапта ауқымды жұмыстар атқаруда. Жақында аталған қор "Алғыр қазақ" атты жаңа жобасының жұмысын бастады. Жазғы каникулдары кезінде оқушылардың бойына ұлттық рухты дарытып, жүрегіне əдеп сəулесін түсіруді мақсат тұтқан курста "Тұлғатану", "Əдеп", "Алғыр қазақ", "Ойзерек" сынды пəндер бар. Сондай-ақ, Әл Фараби меңгерген тілдерді үйрететін білікті мамандар да қызмет етеді.
Отбасы мектебінің көмегі көп
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode