Түрлі тақырыптарды дәріптеуде асығы алшы

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Түрлі тақырыптарды дәріптеуде асығы алшы

 

Шымкент қаласындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы отбасы құндылығын дәріптеуде көптеген игі шараларды жүзеге асырып келеді. Орталық бүгінде онлайн қызметін жүзеге асырып, жұмыстар атқаруда.  Орталық қызметкерлері ұдайы «Дәстүр дәрістері» айдарын жүргізіп отырады. Әлеуметтік желіде оқырмандары да, қолдаушылары да көп. "Ұлттық киімдер", "Қыз тәрбиесі", "Құрсақ шашу", "Тұсау кесер" секілді түрлі тақырыптарды дәріптеуде асығы алшы. Аталған тақырыптарды дәріптей отырып, отбасы құндылықтарын да қоса насихаттайды. Сан ғасырлар торабынан сақталған дәстүрлеріміздің басым бөлігі отбасының іргетасын нықтауға бағытталған. Сондықтан да бүгінгі жас буынға аталған бағытта көптеген насихат жұмыстарын жүргізеді.