Озат мектептер марапатталды

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Озат мектептер марапатталды

Әлеуметтік желіде "Шымкент Қаласының Ұстаздары" тобы құрылған. Аталған топ белсенділері шымкенттік ұстаздардың нәтижелі жұмыстарын жариялап, тәжірибелерімен бөлісу алаңына айналдырған. Шымкент қаласындағы Әдістемелік орталығы қашықтықтан оқыту кезеңінде әлеуметтік желілерде өз тәжірибелерін таратуда белсенділік танытқаны үшін №129 Жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы, № 84 Жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы, № 52 Мектеп - лицей ұжымын марапаттады. Әрдайым жақсы істің басында жүретін мектептердің тәжірибесін өзгелерге үлгі етіп, бөлісіп отырады. Аталмыш мектептер терең білім берумен қатар, оқушылардың тәрбиесіне де баса мән береді. Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу үшін сыныптық сағаттар ұйымдастырып отырады. Жаман әдет, теріс қылықтардың орға жығарын бейнероликтер арқылы көрсетіп, мамандардың кеңесіне де құлақ түргізеді. Соның арқасында жастар арасындағы қылмыстың алдын алуда атқарып отыған жұмыстары нәтижелі болып отыр.