Байқауды көптеп ұйымдастырдың нәтижесі көп
«26 маусым – Халықаралық нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес күніне» орай Шымкент қаласының Полиция департаменті жасөспірімдер арасында онлайн байқау жариялады. Байқаудың мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасындағы қылмыстың алдын алу, халық арасында есірткіге қарсы иммунитетті көтеру. Аталған байқау 3 өнер түрі бойынша өткізіледі: Сурет салу; Патриоттық ән орындау; Спорт түрлерінің әдіс-тәсілдері мен жаттығуларын көрсету. Байқауға 16 жасқа дейінгі кез-келген қала тұрғыны мен қонағы қатыса алады. Қатысушылар белгіленген мерзім ішінде өздері таңдаған өнер түрі бойынша 1 минуттан аспайтын бейнежазба түсіріп, Шымкент қаласы Полиция департаментінің Инстаграмға жолдауы қажет. Қазірдің өзінде байқауға қатысуға ниет білідріп отырғандар көп. Мұндай байқауларды көптеп ұйымдастыру балаларды ынталандырып қана қоймай, олардың жақсыға ұмтылуына септігін тигізеді дейді ұйымдастырушылар.
Байқауды көптеп ұйымдастырдың нәтижесі көп
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode