Білім биігін бағындырған

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Білім биігін бағындырған

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №1 Білім инновация лицейінің 4 түлегіне ҰБТ-ы басталарда ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 140 балл көрсеткіші бар сертификат табысталып, тестіден босатылды.

Шымкент қаласы Білім басқармасының «Дарын» орталығы түлектерді шын жүректен құттықтайды. Олар: Әкімбай Диас, Шаназаров Аброрбек, Алишер Шерхан және Исағұлов Әбіш.

2020 жылғы ҰБТ-ы тапсырудағы жаңалықтардың бірі – SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тестілерінің балын ҰБТ-ы балына ауыстыру шкаласы енгізілді. Егер түлек SAT reasoning және SAT subject сертификаттарын ҰБТ-ы тапсыру пунктінде тапсырған болса, сол сертификаттар ҰБТ-ы балы ретінде көрсетіледі және сол сертификаттар арқылы грант беру конкурсына қатыса алады.

Жоғарыда атап өткен №1 Білім инновация лицейінің 4 түлегі халықаралық стандартталған тест тапсырып, бəрі де 700 балдан жоғары ұпай жинаған. Сол себепті оларға автоматты түрде ҰБТ-ның ең жоғарғы 140 балы берілді. Білім биігін бағындырған шәкірттер "әрдайым жат әдеттерден аулақ болып, яғни, жастар арасындағы қылмыстан аулақ болу үшін бос уақытты тиімді пайдалану керек. Біз бар күшімізді білім алуға жұмсадық" дейді.