Бүгін балалардың мінез-құлқын дұрыс қалыптастырып, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстау үшін, ойлау қабілетін арттыру үшін Шахмат сабағын жүйелі жолға қою мәселесі жан-жақты талқыланған жиын өтті. Жиын барысында Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталса, шахмат федерациясының кәсіби мамандары тәжірибе таратып, арнайы дайындалған сайттар мен платформаларды ұсынды. Әдістемелік орталық директоры М.Медетбекова мұғалімдер арнайы курстан өтетіндігін жеткізді. Білім ордаларының бірінші басшылары мектеп қабырғасында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарымен бөлісті. Расында, зияткерлік дүниелер оқушылардың сабақта жəне сабақтан тыс тәрбиелік уақытын тиімді ұйымдастырады. Интеллектуалды тұлғалар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырады, жастар арасындағы қылмыстың алдын алуға көп септігін тигізері анық. Зияткерлік өнерге бейім оқушылар мен ата-аналар әлеуметтік өзекті мәселелерді шешуге ықпал етеді. Игі бастаманың тың нәтиже беретіндігіне сенеміз!
Зияткерлік ойындар адамның өмір танымының алғашқы қадамы
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode