ШЫМКЕНТ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 7,3 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
ШЫМКЕНТ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 7,3 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ
Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында елімізде қойма және көлік инфрақұрылымын дамытуды тапсырған болатын. Осыған орай Шымкент қаласында 92 гектар жерге сауда-логистикалық аймағы құрылды. Мұнда қазір екі компания қызмет көрсетуде. Одан бөлек, 3 логистикалық жобаның құрылысы жүргізіліп отыр.
Сонымен қатар, қалада биыл 11 ай көлемінде ауылшаруашылығы саласында жалпы құны 7,6 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Қазіргі таңда 5,3 млрд теңгеге 10 жоба іске қосылды. Нәтижесінде 34 млрд теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға артты.
Ал, салаға бағытталған инвестиция көлемі 7,3 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8 есеге өскенін көрсетеді.
Тақырыпқа қатысты қосымша сұрақтар бойынша: 8(7252) 24-75-40
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі