Шымкентте мектеп басшылары аттестациядан өтті

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Шымкентте мектеп басшылары аттестациядан өтті.
Дәлірегі, білім ұяларының директорлары арнайы тест тапсырып, білімі мен білігін сынақ сүзгісінен өткізеді. Сондай-ақ, әр үш жыл сайын өтетін мектеп басшыларының педагогика саласындағы айтулы аттестациялау алаңында сынға түсуге өз мерзімі келген қаладағы мектептерден 54 директор тестілеуден өтсе, соның алғашқы легі 19 мектеп басшысы кезектегі аттестациялаудан оң нәтижемен өтті.
Соның бірі, қаламыздағы №18 Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің директоры Гүлнар Сембайқызы Омарова. Айтуынша, аталған мектепте 1998 жылдан бері директор орынбасары лауазымында қызмет атқарып келген. Жалпы еңбек өтілі 26 жыл екен. Оның алты жылдан астамы аталған мектептің басшылық лауазымында. Мерзімі келіп, сыннан сүрінбей өткен ұстаз Гүлнар Сембайқызы, аттестациялаудан екінші рет өтіп отырғанын айтады. Тестілеу сәтінде зор сенімді мақсат тұтқан мектеп басшысы жүзге жуық ұпай жинап жеңіске жетсе, конкурста, яғни әңгімелесу сатысында білім саласындағы алуан түрлі сұрақтардан мүдірмей өткенін айтады. Жалпы, тынымсыз еңбегім еш кетпеді, Жігер, талпыныс, төзім сынды қасиеттерді бойымда рухани байытып отырдым, нәтиже өз жемісін берді. Мен өте қуаныштымын!-дейді аттестациялау алаңынан абыроймен шыққан Г. Сембайқызы.
Өткен аптада өткен директорларды кезектегі сынақтан өткізуде олардың біліміне баға беретін арнайы комиссия жасақталды. Яғни, сынақ алушылардың қатарынан білім басқармасының мамандары мен басшысынан бөлек, бірқатар мемлекеттік мекеме басшылары, сонымен қатар, білім ошақтарының қамқоршылық кеңесінің өкілдері төрелік етті. Үш жылда бір өтетін дәстүрлі сынақ бұл жолы да өз деңгейінде өтті. Сауалдардағы басымдық әсіресе білім сапасын көтерудегі атқарылған жұмыстар қатары. Тайдың тасындай сұрыпталған Үшінші Мегаполистегі ең мықты деген білім беру ұйымдарының басшылары сынақ баспалдағынан басымдық танытып, өз кәсіби шеберліктерін шынайы дәлелдеп берді. Ал, сынақтан сүрінгендері – араға 6 ай салып, қайта аттестациядан өтеді. Биылғы алғашы аттестациялау алаңында білім көкжиегін барынша бағындырған 19 білікті басшылар оң нәтижеге қол жеткізді. Құттықтаймыз!