ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2021 жылға 21 954 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, 9 айда нақты 19 462 адам қамтылды. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде (Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету) 2 675 адам кәсіби оқуға жолданды, оның ішінде: - 175 адам техникалық және кәсіптік оқуға - 2 500 адам жұмысшы мамандығы ретінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуға. Екінші бағыт (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) бойынша жалпы 2 555 адам қамтамасыз ету жоспарланса, нақты 2 792 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. Олар: - 2 155 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытуға жолданып, оның ішінде 2 095 адам куәлік алған. - 53 адам шағын несие алған. - 584 адамға мемлекеттік грант берілді. Үшінші бағыт бойынша (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) 16 724 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланған болса, 9 айда нақты 13 995 адам жұмысқа жолданған, оның ішінде: - 7 473 адам бос жұмыс орындарына; - 695 адам жаңа жұмыс орындарына; - 336 адам әлеуметтік жұмыс орындарына; - 2 531 адам жастар практикасына; - 2 845 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға; - 115 адам «Алғашқы жұмыс орындары» жобасы.