Еңбек сақтау заңнамасының бұзылу фактілері бойынша келіп түскен арыз-шағымдар мен құқық қорғау және мемлекеттік органдардың талаптарының негізінде ағымдағы жылдың 9 айында әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, жеке тұлғалардың 831 арыз-шағымдары мен өтініштері заңға сәйкес қаралып, тиісті жауаптары берілді.
Мемлекеттік еңбек инспекторларымен - 172 тексеру жүргізіліп, 254 заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде: еңбек қатынастары бойынша - 191, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша - 57, жұмыспен қамту - 6.
Анықталған бұзушылықтардың негізінде - 102 нұсқама берілді, оның ішінде еңбек қатынастары туралы - 91, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша - 11.
Тексеру нәтижелерімен 7,9 млн.теңге көлемінде айыппұл салынып, 5,8 млн. теңге айыппұл өндірілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, 2 316 азаматтардың бұзылған құқықтары қорғалды.