ИНЖЕНЕРЛІК-КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Ауыз сумен қамтамасыз ету 2021 жылы 11 елді мекенде 11 нысанның және 3 магистралды суаққының құрылысын жүргізілуде. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 95%-дан 98%-ға дейін жоғарылайтын болады. 2023 жылға дейін Шымкент қаласының 2021-2025ж.ж. даму бағдарламасына сәйкес 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Кәрізбен қамтамасыз ету 2021 жылы 11 елді мекенде 10 нысанның ішкі орамдық жүйесі және 3 магистралды кәріз коллекторының құрылысын жүргізілуде. Бүгінгі таңда, Шымкент тұрғындарының 52,3 пайызы кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. 2025 жылға дейін 65% кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жоспарланған. Электр жарығымен қамтамасыз ету 2021 жылы 15 елді мекенде 3 қосалқы станция құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде сапалы электрмен қамтылу көрсеткіші 95%-дан 97%-ға дейін жететін болады. 2025 жылға дейін 100% сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жоспарланған. Табиғи газбен қамтамасыз ету 2021 жылы 11 елді мекенде газ құбырын тарту және 3 магистралдық құбыр құрылысының жұмыстары басталған, жыл соңына дейін 5 елді мекен және 2 магистралдық құбыр құрылысын аяқтау жоспарланған. Жыл қорытындысымен қала тұрғындарын табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 92,2%-дан 93%-ға жететін болады. 2025 жылға дейін 100% табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланған.