Құрылыс басқармасының 2021-2023 жылдарға қалалық бюджеттің нақтылауына түсіндірме

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Құрылыс саласын дамытуға ағымдағы жылы 32,7 млрд.теңге бөлінді. Слайд-1 Қалалық бюджеттің 2021-2023 жылдарға арналған нақтылауынан басқармаға 19,7 млрд. теңге қажет болса, 13,0 млрд.теңге қысқартуды қажет етеді. Оның ішінде: Тұрғын үй құрылысы: 2020 жылдан өтпелі 33 тұрғын үйдің (Тұран ш/а 29 үй 1880 пәтер, Арғынбекова 4 үй 216 пәтер) құрылысын аяқтауға құнды қағаздарды сату есебінен (облигация) 11,6 млрд.теңге, ЖБ есебінен 55,1 млн.теңге және әкімшілік-іскерлік орталығындағы арендалық 8 үйдің құрылысын аяқтауға 892,8 млн.теңге, Тұран ш/а 29 орамдағы 11 тұрғын үйдің құрылысын бастауға 1,1 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Слайд-2 Бұдан бөлек, нарықтан пәтер сатып алуға бөлінген 12,2 млрд.теңгені және ЖБ есебінен бөлінген («Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығын абаттандыру» - 789,4 млн.теңге және №29 мектеп ЖСҚ әзірлеу 35,6 млн.теңге) 825,0 млн.теңге қысқартуға ұсынылды. Инженерлік инфрақұрылымдардың құрылысы: Бозарық ш/а жолдың және кәріз жүйесінің құрылысына 720,8 млн.теңге, Әкімшілік-іскерлік орталығы Арғынбеков көшесіндегі 4 үйдің инженерлік жүйесінің құрылысын аяқтауға 38,5 млн.теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Слайд-3 Әлеуметтік нысандар құрылысы: ​2021 жылы №47 мектептің құрылысын бастауға 200,0 млн.теңге, жұмыспен қамту жол картасы аясында Б.Майлин көшесіндегі саз мектептің құрылысына 688,8 млн.теңге, Сайрам тұрғын үй массивіндегі №10 колледж құрылысына 823,2 млн.теңге, Металлург стадионының құрылысына 2,1 млрд.теңге және Сайрам ауданындағы №12 спорт мектебінің құрылысын аяқтауға 574,1 млн.теңге және ЖБ есебінен Шымкент қаласындағы 2020 жылдан өтпелі зоология саябағының (Аралас павильондар) құрылысын аяқтауға 42,9 млн.теңге, Шымкент сити ш/а Конгресс-холдың құрылысын бастауға 700,0 млн.теңге, сонымен қатар басқарманы күтіп ұстауға 30,0 млн.теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Слайд-4 ​Қазіргі таңда, қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы тарапынан 17,3 млрд.теңге қолдау тауып отыр.​ Анықтама: - 33 тұрғын үй (Тұран ш/а 29 үй 1880 пәтер, Арғынбекова 4 үй 216 пәтер) - 11,6 млрд.тг; - 11 тұрғын үй (Тұран ш/а 29 орам жаңа жобалар) – 1,1 млрд.теңге; - АДЦ арендалық 3 үй (№41,№42,№43) – 78,2 млн.теңге; - 3 мектеп (№47 мектеп, Б.Майлин көшесіндегі №4 саз мектеп, Сайрам тұрғын алабындағы №10 колледж) – 1,7 млрд.теңге; (ДКЗ – 1,5 млрд.тг, ЖБ 200,0 млн тг) - 2 спорт ДКЗ арқылы (Металлург стадионы, Сайрам тұрғын үй алабындағы №12 спорт мектебі - 2,7 млрд.тг; Бұдан бөлек, қалалық бюджеттің нақтылауына депутаттық сауал арқылы 8,1 млрд.теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Оның ішінде: Тұран шағын ауданы 29 орамдағы 5 тұрғын үйдің құрылысына, әкімшілік-іскерлік орталығындағы 21,5 га жер теліміндегі 8 тұрғын үйдің құрылысын бастауға 1,950 млрд.теңге және тұрғын үйлердің ЖСҚ мемсараптамадан өткізуге 6,0 млн.теңге қажет. Нарықтан пәтер сатып алуға ЖБ есебінен 89,1 млн.теңге қажет. Әкімшілік-іскерлік орталығындағы 21,5 га жер теліміндегі көп қабатты тұрғын үйлерге баратын жолдың құрылысын бастауға 300,0 млн.теңге және 4 мектептің құрылысын бастауға (№46, №38, №8, №80) 3,6 млрд. теңге, Бадам өзенін абаттандыруды аяқтауға 1,9 млрд.теңге, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданындағы саябақтың құрылысын бастауға 100,0 млн. теңге және 2020 жылдан өтпелі Шымкент қаласының қолданыстағы зоологиялық паркін қайта жаңарту саябағының (Аралас павильондар) құрылысын аяқтауға 42,9 млн.теңге қажет. Сонымен қатар Ақтас ш/а питомниктің құрылысына ЖСҚ әзірлеуге 31,7 млн. теңге, Шымкент қаласындағы оқушылар сарайының құрылысына ЖСҚ әзірлеуді аяқтауға 20,0 млн.теңге және ЖСҚ сараптамадан өткізуге 3,0 млн.теңге және жолдардың сапасын тексеруге 6,5 млн.теңге қаже