AYALA қайырымдылық қорының жетістігі жетерлік

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Қайырымдылық жасау- ізгі іске бағыттайтын алтын қақпа тәрізді. Қай кезеңде де, қандай қиын жағдайда да өзгенің қайғысын бөлісіп, қолұшын созуды басты парызы санайтын қайырымдылық қорлары бүгінде аз емес. Ал AYALA қайырымдылық қорының орны ерекше. AYALA қайырымдылық қоры мен CHEVRON компаниясының әлеуметтік жобалары жүзеге асып жатқанына аз уақыт болған жоқ. 15 жыл ішінде AYALA қоры Қазақстанның 67 қаласындағы 263 мекемеге көмек көрсетті. Қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруға 4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді CHEVRON мен AYALA ынтымақтастығының 12 жылы ішінде 80 денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау ұйымдарына 541,2 млн теңге мөлшерінде көмек көрсетілді. Екі серіктестіктің басты мақсаты - Қазақстан Республикасында бала өлімі мен мүгедектігін азайту және дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады. Нәтиже жаман емес. Жетістік те жетерлік. Шетелдік мамандардан мастер кластар ұйымдастырылды. 170 бірлік жабдық берілді. Олардың барлығы да сәби өмірін сақтап қалуға аса қажет құрылғылар. Неоанатологтарға арналған тренингтер те көптеп ұйымдастырылды. Корей профессорларымен арнайы семинарлар ұйымдастырылды. Елімізде 647 дәрігерлер курсқа тіркелді. Бүгінгі таңда дәрігерлер үшін қолжетімді 3 курс бар. Дәрігерлер мен медбикелерге арналған тағы 4 курс әзірленуде. Бұдан өзге CHEVRON мен AYALA ынтымақтастығының көптеген жобалары жүзегес асырылуда.