БҮГІН ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ АЯҚТАЛАДЫ

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Бүгін сағат 18:00-де Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну аяқталады. Кезектен тыс Президент сайлауының алғашқы кезеңі 23 қыркүйекте басталған еді. Содан бері республикалық қоғамдық бірлестіктерден елдің Орталық сайлау комиссиясына 8 адам ұсынылып, құжаттарын тапсырды. Президент лауазымына кандидаттарды ұсыну саяси науқан белгіленген күннің ертесіне басталды. Заң бойынша осы елде туған, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін білетін әрі соңғы 15 жыл осы елде тұрған Қазақстан азаматы ғана үміткер бола алады. Оны белгілі бір қоғамдық бірлестік ұсынуы тиіс.