Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы отбасылық ата кәсіппен айналысып, табиғи тыңайтқыштарды жасаумен айналысатын «Білал ата» шаруа қожалығының иелері кәсіптерінің ауқымын кеңейтуде. Осы шаруашылықтың мүшесі Гүлмира Сауленбаева бүгінде сүт өнімдерін өндіретін кәсіпті де қолға алып, оның пайдасын көріп отыр. Оның ішінде залинский тұқымды ешкінің сүтін сауып, құрт- май, айран ірімшік жасап, сатуда. Сиыр да сауып, оның өнімдерін саудаға шығарады. Ешкі сүті емдік қасиеті мол, дәрумендерге бай сусын, ағзаға құнарлы тағам. «Ешкі сүті өте пайдалы. Әсіресе, жаңа туылған нәрестелерге үлкен қарияларымызға емдік сусын ретінде көп пайдаланады» дейді кәсіпкер. Ешкі сүті өнімдерін күнделікті тапсырыс бойынша тұтынушыға жеткізіп береді. Сұраныс артып келеді.