Шардара халқы жаңа кәсіп түрлерімен айналыспақ

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
“Ауыл аманаты” партиялық жобасымен таныстыру мақсатында кезекті кездесулер Шардара ауданында жалғасты. Сүткент және Шардара ауылы тұрғындарын ауыл шаруашылығын кеңейту жайы қызықтырды. Жоба сарапшылары ұйымдасып кооператив құру, техниканы лизингке алу, жалпы аталған жобаның мақсаты мен ерекшеліктеріне түсіндірмелер берді. Жоба аясында 18 жастан бастап зейнет жасына дейінгі азаматтар несиеге қол жеткізе алады. Жобаның негізгі мақсаты – аграрлық бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау, жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға байланысты мәселелердің түйінін шешу. Тұрғындардың басым бөлігі кепіл мәселесін қозғады. Айтуларынша жылжымайтын мүлік оның ішінде, баспана төмен бағаланады. Сондай-ақ тұрғын үйлердің сапасы да алаңдатады. Себебі бұған дейін банктер белгілпнген талап бойынша жұмыс істейді. Дегенмен аталған жаңа жобада мұның шешімі бар. - Бұл жобада ауылдардағы қамыс, сабан, кірпіш, тағы да басқа салынған үйлердің кез келген түрі қабылданады. Баспананы лицензиясы бар бағалау компаниялары арқылы жүргізіледі. Ал Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тәуелді бағаға сүйеніп, шешім шығарады - деді жоба сарапшысы Гүлмира Бағжаева.