Сайрам ауданы әкімі Ұ.Сәдібеков Қарасу ауылдық округіне қарасты лимон өсіретін «Асылжан и К» ЖШС-і жылыжайының жұмысымен танысты.
Шаруашылықтың басшысы Үсенов Абай Ибрайұлы. Көкөніс дақылдарын өсіру бағытында жұмыс жүргізеді. 2017 жылы 30 соттық жерге ташкент сортынан 300 түп лимон көшеті отырғызылған. Биыл осы көшеттен бірінші өнімі күтілуде. Жалпы 10 тоннаға жуық лимон өнімін өндіру жоспарлануда. Өнімділікті арттыру бағытында қажетті тыңайтқыштар мен дәрумендер беріліп, зиянкестер мен ауруларға қарсы күтім жасалады. Жылыжайда 15 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпкер жылыжайды іске қосуға 115 млн. теңге көлемінде қаржы жұмсаған. Бұдан бөлек, ашық суармалы жерге 2,8 гектар аумағына картоп өсірумен айналысады.
Аудан әкімі цитрусты өндіруді бастаған кәсіпкердің жұмысын қолдап, мемлекеттік қолдау көрсету қажеттілігін ұсынды.