Түркістан облысы, Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласының "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы" ғимаратында «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы КММ-нің 2022 жылдың 9-айында атқарылған жұмыстары туралы аудан, қала бөлім басшыларының қатысуымен көшпелі есептік басқосу жиыны болып өтті. Басқосуға Түркістан облысы Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Н.Иманқұлов арнайы қатысты.
Орталыққа жалпы 5 341 азамат өз жоспары негізінде жүгінген. Оның ішінде 1 454 шағын және орта бизнес өкілдері, 3 886 жеке тұлғалар.
Берілген кеңес – 23 070;
- көрсетілген қызметтер – 1 437;
- әзірленген бизнес-жоспар – 1 189;
- сүйемелденген жобалар – 740 болып келеді.
Консалтинг және жобаларды сүйемелдеу бөлімі: мемлекеттік бағдарламалар аясында 740 жоба сүйемелденіп қаржыландырылды. Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша – 335 жоба;
- егін шаруашылығы бойынша – 180 жоба;
- өндіріс саласы бойынша – 40 жоба;
- қызмет көрсету бойынша – 122 жоба;
- айналым қаражатын толтыру – 57 жоба;
- субсидиялау - 4 жоба; жалпы сүйемелденген жобалар сомасы – 6 004 717 007 теңгені құрап отыр.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 5 жоба сүйемелденіп қаржыландырылды.
Рұқсат құжаттарын алу бойынша қызмет көрсету бөлімі:
- Жер мәселесі бойынша – 449 қызмет;
- Инфрақұрылым саласы бойынша – 180 қызмет;
- Сәулет және қала құрлысы бойынша – 80 қызмет;
- Басқада құжаттар бойынша – 728 қызмет көрсетілді.
Бұл көрсеткіштер 2021 жылдың 9-айлық есебімен салыстырғанда едәуір ілгерілеушілік байқалады.