Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мерзімі аяқталған болатын. Осыған орай, былтыр қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында түрлі бағытта жобалар кешені әзірленді. Соның бірі - Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы. Аталған жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, жаңа нишаларды қалыптастыруға, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталып отыр. Ағымдағы жылы жоба аясында республикада 443,8 мың жұмыс орны құрылады деп жоспарланған. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде бес жылда 995 мыңнан аса жұмыс орны құрылады деген жоспар бар.
Кез-келген адамның бизнесті бастамастан бұрын өзінің идеясы болуы қажет. Егер сіздің қандай да бір нақты идеяңыз болмаған жағдайда бизнесті бастамақ тұрмақ ол туралы айтудың да қажеті жоқ. Әрине идеяға келгенде біз мүлдем жаңа немесе сізге дейін адам баласының ойына кіріп-шықпаған бизнесті айтып тұрғанымыз жоқ. Бизнесті бастау үшін кез-келген идеяны алуға болады. Мейлі жайма базарда тауар сату болсын немесе шаштараз, дүкен, автокөлік жуу орны, мейлі донер, самса пісіретін орын болсын, ең бастысы белгілі бір идеяның болуы міндетті түрде қажет.
Сіздің бизнес туралы идеяңыз шағын немесе шағын бизнестің төңірегінде болуы тиіс. Өйткені шағын бизнесте айтарлықтай жетістікке жетіп, пайда таба алмасаңыз үлкен көлемдегі бизнесті бастау туралы айту барып тұрған ақымақтық. Егер ойыңызға дүкен ашу идеясы келсе, оның еш ерсісі немесе қатесі жоқ. Ең бастысы сіздің дүкеніңіз өзге дүкендермен салыстырғанда аз болса да бір қайталанбас өзгешелігі болуы тиіс.
Жаңа облыс орталығы Түркістан іргесіндегі шағын қала Кентауда азаматтарды жұмыспен қамту мәселесіне айқын басымдық беріліп келеді. Себебі шаһардың халқы жыл санап ұлғайып келеді. Осы ретте кентаулықтарға екі қолға бір күрек табуға «Еңбек» бағдарламасы септігін тигізіп келеді. Жоғары оқу орнын бітіріп, қолына дипломын алған жастардан бастап, бала күтімінде отырған аналар, жұмыссыз өзге де азаматтар бағдарлама шеңберінде жұмыспен қамтылып келеді. Оның ішінде мамандығы бойынша жұмысқа тұрғандар, біліктілігін арттырып жаңа жұмыс орнын тапқандар, кәсіптік оқуды игеріп бизнес бастағандар, грант алып кәсібін кеңейткендер де бар.
Мемлекет тарапынан кәсіп ашқысы келетін азаматтарға берілетін бір реттік қайтарымсыз гранттар да алдымен ерекше кәсіп иелеріне беріліп жатыр. «Өз бизнесін ашқысы келетіндердің арасында, көпбалалы аналар мен жастар көп», – дейді мамандар. Үміт Мәкімова – 4 баланың анасы. Осыдан 5 жыл бұрын жолдасы екеуі үйінің ауласынан көлік жуу орнын ашқан. Алайда оны кеңейту үшін өткен жылы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға сәйкес мемлекеттен 1 млн 220 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алған. Оған көліктің іші-сыртын жылтыратып тазалайтын аппарат, кептіргіш құрал, бояйтын құрылғы сатып алыпты. Қазір жабық орынды жалға алып, жұмыс істеп жатыр.
Кентау қаласының тұрғыны Үміт Мәкімова осы кәсібіміздің арқасында біз тек қана аватокөлік жумай, көлікті бояу қызметін де қосып жатымыз. Әрі қарай автотігін цехын ашсақ, деген ниетіміз бар. Автотігінде түрлі материалдардан, түрлі стильде жабындылар тігеміз деген оймен бастап жатырмыз. Осымен тоқтап қалмай, жұмысымызды дамытып жатырмыз дейді.
Жұмыссыздықтың басты себептерінің бірі мамандығының сұраныста болмауы не болмаса жұмыссыз адамның мүлдем мамандығының болмауы. Қазіргі таңда қаланың экономикалық әлеуеті артып келеді. Қалада зауыт-фабрика, өндіріс орындары артуда. Бұл дегеніміз көптеген жұмыс орнының ашылуы және жаңа мамандықтарға деген сұранысты арттырады. Міне, осы сұранысты қанағаттандыру мақсатында ұлттық жобаның кәсіби білім беру деген бағыты бар. Аталған бағыт бойынша биыл Кентауда оқуға жолдау жоспарланған.
Бүгінде кәсіп ашу жұмыссыздықпен күрестің басты құралына айналып отыр. Өйткені барлығына мемлекеттік мекемеден жұмыс тауып беру мүмкін емес. Әрі кәсіп ашу жұмыссыздықты азайтумен қатар қаланың экономикасының дамуына да ықпал етеді. Сол себепті кәсіп ашамын, бизнес бастаймын дейтін азаматтарға қолдау көп. Мұндай шаралар жоғарыда аталған ұлттық жобада да қарастырылған.
Жақында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде, Кентауда өз кәсібін бастауға берілетін көлемі 400 АЕК құрайтын мемлекеттік қайтарымсыз грантқа құжат қабылданған. Айта кету керек, қатысушылар “Бастау бизнес” жобасы бойынша оқып, сертификат алған азаматтар он бес күннің ішінде busines.enbek.kz порталы арқылы тиісті құжаттарын онлайн тапсырған.
Үміт - көпбалалы ана. Ол бұл қызметпен бұрыннан-ақ айналысып келген. Грант қаражатына қажетті құрал-жабдықтарын алып, өзі қыр-сырын жақсы білетін кәсіпті қолға алып отыр. Бұл олардың отбасылық бизнесі. Ерлі – зайыптылар орталықтың жұмыстарын бірге атқарады. Орталықта тек көлікке қатысты қызметтер ғана емес, жихаздарды жуу қызметі де іске қосылған. Грант иегері екі адамды жұмыспен қамтып отыр.
Үміттің өз мамандығы бар. Ветеринар дәрігер болып бірқатар мекемелерде жұмыс істеген. Алайда, кәсіп бастағалы отбасының табысы артып, берекесі кіргенін жасырмайды. Детейлинг қызметтерін ұсынатын орталықтан түсетін қаражатты ол осыған дейін жұмыс істеп жүріп таппағанын мұндай табысқа жалақымен таба алмайтынын да жақсы біледі. Ерекше кәсіпті қолға алған ерлі-зайыптының алдағы уақытқа жоспарлаған мақсаттары бар. Олар болашақта автоателье, автокептіру орталықтарын ашып, қызмет түрлерін кеңейткісі келеді. Мұндай бизнес идеяларға да мемлекет тарапынан қолдау көп. Сондықтан да кентаулық тұрғындар мемлекет қолдауын пайдаланып, отбасылық кірістерін арттыру ниетте.
Үміт қазір Үкіметке қол жаятын кезең өтті дейді. Ізденіс пен еңбексүйгіштікті серік етіп кәсіп бастап, жаңа дүниелерді ойластырып, шағын және орта кәсіпкерлікті қолға алғандардың асығыс алшысынан түсуде дейді. Сондықтан да ізденіп, еңбек етіп, әркім қолдан келген шаруасын кәсіпке айналдырып, елдің дамуына өзінше үлес қосуы тиіс.