Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді сала болып табылады.
Аталған саланы дамытуға мемлекет тарапынан да зор қолдаулар болып жатқаны баршамызға белгілі. Түйе шаруашылығын қолға алып, мал басын көбейтуді жоспарлаған Шолаққорған ауылының тұрғыны Байсейтов Жанғали, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы 5.7 млн теңге несие рәсімдеп, 8 бас түйенің аналық басын сатып алып, шаруашылығын кеңейтіп отыр.
14 -маусым күні отандық трактор құрастырушы "Kazkioti" ЖШС - нің атқарушы директоры Кулыбаев Әділбек Ошақбайұлы бастаған өкілдері ауданға келіп, кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының ұйымдастыруымен жергілікті кәсіпкерлерге өз өнімдерін таныстырған болатын.
Міне, енді сол таныстырудың әрі құжаттарын дайындауға көмек берген кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінің көмегі нәтижесінде кеше ғана біздің мақаламыздың кейіпкері болған жеке кәсіпкерлер Меңлібеков Мейірбек пен Бұхарбаев Мырзахан ағаларымыз алла қаласа,келесі аптада "DONG FENG" маркалы 90 аттың күші бар трактордың егелері болмақшы.Универсалды трактордың базалық жиынтығында алдыңғы және артқы жүктер, тіркемелерге арналған пневмосистема,аспалы жабдыққа арналған екі жұп гидровыходтар бар.Кабинасы жайлы, кондиционермен және сыртқы шуылды оқшаулағышпен жабдықталған.Кәсіпкерлер қуаныштарын бөлісуге әрі алғыстарын білдіруге аудандық филиалға келіпті.
"Құтты болсын" айтуды біз де ұмытпадық.