Қазіргі таңда Түркістан қаласында қызмет көрсету мен тауар ұсыну бойынша жергілікті кәсіпкерлік саласын дамыту негізгі басымдыққа ие. Бұл – тұрғындар үшін тұрақты табыс көзі, қосымша жұмыс орны, ал мемлекет үшін салық және арнайы төлемдер.
Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2022 жылдың 6- айында «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і 198,5 млн. теңгені құрайтын 16 жобаны қаржыландырды. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 есеге артты.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлік саласында 14155 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар биыл индустриалды аймаққа құны 2990 млн. теңге болатын және 169 жаңа жұмыс орнын құратын 4 жоба тартылып, өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысын алды.
2022 жылғы 25 шілдеден бастап «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жаңа форматта қолжетімді болды. Өз ісін бастауды жоспарлап отырған қазақстандықтар енді Skills.enbek.kz платформасы арқылы онлайн режимде бизнес жүргізу үшін базалық білім мен дағдыларды ала алады. «Бастау Бизнес» жобасы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба арқылы азаматтардың бизнес-бастамаларын қолдаудың мемлекеттік шаралар кешені шеңберінде іске асырылады. Оқу курсына жазылу үшін Business.enbek.kz порталда тіркелу, оқыту шарттарына сәйкестігіне автоматты тексеруден өту қажет. Шарттарға сәйкес болған жағдайда қатысушы Skills.enbek.kz платформаға өтіп, оқуға кірісе алады.
Оқу барысында пайдаланушы бірнеше сабақтардан тұратын 12 модульден өтуі керек. Әрбір модуль аяқталған соң аралық тестілеу өткізіледі. Келесі оқу модуліне өту үшін қатысушы тестілеуді тапсыру кезінде дұрыс жауаптардың кемінде 70%-ын жинауы керек. Аралық тестілеуден өту әрекеттерінің саны шектелмейді.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» онлайн курсы егер қатысушы қорытынды тестілеуді тапсыру кезінде дұрыс жауаптардың 70% - дан астамын жинаған жағдайда өтті деп есептеледі. Дұрыс жауаптардың 70%-ынан төмен жинаған қатысушыға қорытынды тестілеуден 2 рет қайта өту мүмкіндігі беріледі.
Оқыту қорытындысы бойынша қатысушы бірегей нөмірі бар электрондық сертификат алады. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаттың қолданылу мерзімі 3 жылды құрайды.
«Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» онлайн курсынан өткен қатысушылар ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыруға грант алуға үміткер бола алады.
Түркістан облысы «Бизнесті жүргiзу жеңiлдiгi» рейтингінде екінші рет көш бастады
Өңiрлер арасындағы жыл сайын жүргізілетін «Бизнесті жүргiзу жеңiлдiгi» рейтингінің соңғы қорытындылары бойынша Түркiстан облысы екiншi жыл қатарынан бизнестi жүргiзу үшiн үздiк өңiр болып танылды. Бұл рейтинг 50% статистикалық көрсеткіштерден, 50% кәсiпкерлермен жүргізілген сауалнама көрсеткіштерден тұрады. Түркістан облысында кәсіпкерліктің саны артып, 160 мыңға жетті. Алдыңғы қатарда. Облыс аграрлық өлке болғандықтан, кәсіпкерліктің басым бөлігі осы салада қызмет етеді. Сауда, туризм, қызмет көрсету және өндіріс салаларында даму қарқынды.
Бизнесті қолдау бойынша мемлекеттiк бағдарламалар кәсiпкерлер үшiн қолжетiмдi Мемлекеттiк бағдарламаларды кәсiпкерлерге түсiндiру және бизнесті осы бағдарламаларға қатыстыру үшiн тұрақты түрде аудан және қалаларда семинар-кездесулер өткізілуде. Нәтижесiнде бағдарламаларға қатысушылар саны артқан.
«Қарапайым заттар экономикасымен» қоса «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы кәсiпкерлер арасында сұранысқа ие. Биыл бағдарлама бюджетi 57%-ға артып 9,6 млрд. теңгеге жетті. Несиелерді субсидиялау арқылы 12,7 млрд. теңгеге кәсіпкерлер жеңілдетілген 6%-бен несиеленді. Сонымен қатар 5,5 млрд. теңгені құрайтын несиелер «Даму» қоры арқылы кепілдендірілді. Бюджеттен бөлінген қаржы шеңберінде кәсіпкерлерді жыл соңына дейін 25 мрлд. теңгеге несиелеу мүмкіндігі бар.
Инвестиция тарту жұмыстары облыс әкімінің ерекше бақылауында. Облысқа тартылған биылғы инвестиция көлемі 773 млрд. теңгеге жетпек.