Түркістан облысының су айдындарындағы балықтың табиғи қоры 14,1 мың тоннаны құрайды (ғылыми дерек), яғни облыстың балық өндіру потенциялы жоғары деңгейде. Тауарлы балық өндіру бойынша 2020, 2021 жылдары республикада көш бастады. ҚР Үкіметінің балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына сәйкес, 10 жылда облыста тауарлы балық өндірудің көлемін 20 мың тоннаға жеткізу мақсатында жұмыстар атқарылуда.
Бүгінде, резервтегі су айдындарын бекітіп беру, заңдастыру облысаралық балық шаруашылығы инспекцияларының құзырында. Заңға сәйкес, 2022 жылға дейін балық шаруашылығын дамытуды субсидиялау Ауыл шаруашылығы басқармасымен жүргізілген. Бүгінде Табиғи ресурстар басқармасының құзыретіне берілуіне байланысты, Заңдастыру толығымен аяқталды.
Түркістан облысы аумағында тауарлы балық өсіруге жарамды 134 өзен-көл орналасқан. Оның ішінде 88 жергілікті маңызы бар су айдыны балық шаруашылығы мақсатында табиғат пайдаланушыларға берілген. Сарапшылар Түркістан облысындағы жасанды су қоймаларында балық өсіру саласының жоғары әлеуетін айтуда. Айта кету керек, өңірдің тауар өндірушілері жылына 2 мың тоннадай балық өнімін Әзербайжан, Грузия, Израиль, Ресей, Қытай және Өзбекстанға балық экспорттайды.
алық өсіру шаруашылығына субсидия бөлінбек*
Таяуда Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында «агроөнеркәсіптік кешені және тамақ өнеркәсібі Комитетінің» кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде - акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға қаржы көздерін қарастыру мәселесі талқыланды.
Айта кетейік, балық шаруашылығы 2021 жылдың желтоқсан айында ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінен - ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағына өткен болатын. Басқарма тарапынан балық шаруашылығын субсиядалауға классификатордың кеш ашылуына байланысты жыл басында қаржы қарастыру мүмкіндігі болмаған.
Осыған орай, Палата тарапынан кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында облыс әкімдігіне ұсыныс хат жолданды. Өз кезегінде облыс әкімдігі жергілікті бюджет есебінен балық шаруашылығын субсидиялауға 500 млн теңге қарастырып маслихат отырысына ұсынатын болады.