Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Палатаның ұйымдастыруымен жергілікті атқарушы орган мен комитет мүшелері кәсіпкерлермен жиын өткізді.
Мақсаты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы ҚР Білім Министрлігінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына өзгерістер мен толықтыруларды талқылау.
Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Айдана Бейсебекованың айтуынша, балабақша мәселесі қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі, Палата тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
“Мектепке дейінгі мекемелердің бақылау бейнекамераларын және өрт дабылын орнатуға қойылатын талаптары, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды, 2016 жылға дейін ашылған мектепке дейінгі мекемелер порталда тіркелмеген болса, медициналық қызметке арналған лицензиялар, медициналық көмек, медициналық қызмет көрсетуге арналған шарт болмаған кезде аталған ұйымдарды тіркеу үшін қандай әрекеттер қажет, мектепке дейінгі мекемелерде медициналық қызметке лицензия алу үшін рәсімнің шарттары мен ұзақтығы, ғимараттың, үй-жайдың нысаналы мақсатын ауыстыру рәсімінің шарттары мен ұзақтығы туралы толық түсіндірме жұмыстарын өткіздік”, - деп атап өтті Айдана Бейсебекова.
Сонымен қатар жаһандық кәсіпкерлік апталығы аясында «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Новые возможности на горизонте: зеленый свет для женщин-предпринимателей» тақырыбында 5-ші форум өтті.
Шарада Әзірбайжанның аумақтық тұтастығы жолында жанын қиған рухтарын бір минут үнсіздікпен еске алынды.
Шара барысында келесі тақырыптар қозғалды:
-Мемлекеттік институттардағы, жеке сектордағы, үкіметтік емес ұйымдардағы әйелдердің рөлін күшейтудің сәтті мысалдары.
-Тұрақты даму жолында әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту.
-Әйелдер бизнесінің ұлттық бағдарламасы. Жұмыстағы әйелдер: өсу мүмкіндіктері.
-Экономикадағы цифрландыруға және өмірдің жаңа сапасына көшуде мемлекеттік мекемелер мен жеке сектордың бірлескен ынтымақтастығы.
Жалпы, қызметтегі әйелдер кәсіпкерлігін дамыту әрқашан басым бағыттардың бірі болып табылады. Агенттік, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында әйелдер санын одан әрі арттыру және осы мақсатта тиісті қолдау тетіктерін құру бойынша қажетті шараларды қабылдауда. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту шаралары олармен тығыз байланыста, осы мақсатта құрылған мемлекеттік-кәсіпкерлік ынтымақтастық алаңдары негізінде жүзеге асырылуда.
Форумда спикерлер:
Эмине Эрдем – KAGİDER төрағасы
Тарана Пашаева – ARJPA Басқармасының мүшесі
Ихим Кавуклу Чагинер – GİKAD төрағасы
Динара Аллаберген - ASMAR Қазақстан Ұлттық кәсіпкер әйелдер қауымдастығы
Наила Зиганшина -Ресей мұсылмандар одағының төрағасы
Васила Абулова - АРЖПА басқармасының мүшесі
Егана Гулиева – TurkAz төрағасы
Диляра Бюйюкташ – жоба жетекшісі – гендерлік теңдік жөніндегі Еуропалық одақ: гендерлік стереотиптерге және гендерлік зорлық-зомбылыққа бірге қарсы» (EU4GE)
Натия Мепаришвили – Грузияның әйелдер іскерлік кеңесінің жетекшісі
Сондай-ақ 21 адамнан тұратын форумға Қазақстандық делегация да қатысты.
Делегация үш аймақтың өкілдерінен құрылған, атап айтқанда:
- Түркістан облысы;
- Солтүстік Қазақстан облысы;
- Жетісу облысы.
Қазақстан делегациясы 4 ірі кәсіпорында болды, атап айтқанда:
- LOQOS психологиялық орталығы;
- Maestro School білім беру орталығы;
- Арқан бұйымдары мен полипропилен жіптерін шығаратын кәсіпорын;
- Meyvәli көтерме және бөлшек сауда орталығы.
Шара аясында «ЖЕМЧУЖИНЫ КАРАБАХА НА ЕВРОПЕЙСКОЙ СЦЕНЕ» аукционы өтті. Аукционға көрнекті қоғам қайраткерлері, белгілі мәдениет, өнер және ғылым өкілдері қатысты.
Әзірбайжан Республикасының өкілдері біз үшін тамаша бағдарлама ұйымдастырып, жылы қарсы алды және өз еліне келуден сөзбен жеткізгісіз көңіл-күй сыйлады.
Сондай-ақ Түркістан облысы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының қызметтеріне жүгінген әйел кәсіпкерлер “Нәзік әлемі” бағдарламасында қонақта болды.
Сауле Даулеталина өңірімізден 25 қазан күні мектеп және балабақша ашып, қазіргі таңда балаларды тәрбиелеп отырғанын айтты. 15 жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер ханым өз кәсібін қалай бастағанымен бөлісіп, жас кәсіпкер әйелдерге кеңес берді.
Жас кәсіпкер Динара Балтабайқызы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менторлық қызметіне жүгініп, “Тігін тігу” курсын тәмамдап, қазіргі таңда үйде құрақ көрпеше тігумен айналысады. Республика бойынша өткізілетін ауқымды “мың құрақ” жарысына жолдама алғанын айтты.
Сондай-ақ, Дильфуза Құрбанова өз кәсібінің бастамасына бірден бір септігін тигізген “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы екенін атап өтті. “Бизнес бастауды” оқып, қайтарымсыз несие алып, кәсібімді бастап кеткен болатынмын, міне енді жемісін жеп, өз тәжірибеммен бөлісіп, шәкірттер оқытудамын. Палатаға келіп салық есептерін тапсырып, қызметтерін алып тұрамын”, - деп атап өтті жас кәсіпкер Дильфуза Құрбанова.
Еске салайық, Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы Түркістан облысында өз қызметін өткен 2021 жылдың қараша айынан бастаған. Бүгінгі күні орталыққа 562 кәсіпкер әйелдер, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдер, бастаушы стартаперлер кеңес алу үшін жүгінген. Орталықтың барлық қызметтері тегін, онлайн офлайн форматта кеңес ала алады.