Жетісай ауданының кәсіпкері ЖК «Арғымақ» жиһаз өндірісімен айналысады. Жергілікті кәсіпкеріміз бірнеше жылдан бері өз өндірісін дамытуда. Өндірісте бірнеше адамдар жұмыспен қамтылып, өнімнің сапасы мен келіскен мерзімінде орындалуына қарай күнделікті жиһаз өнімдеріне мемлекеттік мекемелер және жеке ұйымдар, аудан азаматтары тапсырыстар беруде.
Өндірісінде қонақ бөлме, жатын бөлме, ас ішетін бөлме, жұмыс істейтін бөлме, сондай-ақ балалар бөлмесі, ас үй, ауыз үй, жуынатын бөлмеге арналып шығарылады. Жиһаздың жекелеген заттары да, жиһаз гарнитуры да, сондай-ақ бүкіл пәтерге, бір бөлмеге немесе бөлменің бір бөлігіне арналған жиһаздары бар. Өндірісте:
• тұрақты жиналмайтын;
• тасымалдауға оңай жиналмалы-құрастырмалы;
• әмбебап-құрастырмалы және құралмалық шешімі бірнеше жиһаз секцияларынан тұратын,
• бірінің үстіне бірін немесе қатарластырып қоюға болатын секциялық жиһаз түрлерін өндіреді.
Кәсіпкеріміздің тек жиһаз өнімін өндіріп қана қоймай кәсібін дамытып, қосымша басқа да бизнес жобаларды қолға алып ауданымыздың көркеюіне өз үлесін қосуда.
Тағы да Жетісай ауданының тұрғындарына күнделікті тұрмысқа қажетті қалайыдан (жестяной) жасалынған заттарды шығарумен жерлесіміз жеке кәсіпкер «РОЗА» қызмет етіп келеді. Өндірісінде металл қоршаулар, қасбеттер және шатыр жабындары бар. Олар берік, тасымалдауға оңай, эстетикалық және орнату оңай. Мырыш немесе полимер жабыны бар заманауи болат парақтар коррозияға және жоғары жел жүктемелеріне қарсы тұрады. Көлденең, тік және көлбеу беттерде қолданылады. Тұтынушылары құрылыс компаниялары, дүкендер, жабдықтау ұйымдары және жеке сатып алушылар. Заттарды шығару үшін кәсіби біліктілік,шеберлікті қажет етеді,соның нәтижесінде жасалынған дүние халықтың көңілінен шығып, және де сапасы бағасына сай болғандықтан сұранысқа ие болып отыр.
Кәсіпкердің жасаған еңбектерімен заттарымен Түркістан облысы Кәсіпкерлер Палатасы Жетісай аудандық филиалы кездесіп, танысып қайтты. Кездесу барысында мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп жатқанына дән риза болып, Жетісай ауданының азаматтарына жаңа кәсіп ашып, елдің дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.