ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданында «Жайлы мектеп» жобасымен төрт білім ордасы салынып жатыр

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Сарыағаш ауданындағы Дербісек елді мекенінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында 900 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде. Білім ордасының құрылысы үшін «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы тарапынан қаржы бөлінген. Бүгінде мектептің бірінші қабаты толығымен аяқталып, екінші қабатын қалау жұмыстары басталған. Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев жауапты мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын жоспарға сәйкес аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, аудан басшысы Жаскешу елді мекенінде «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында салынып жатқан 900 орындық мектепке барды. Бұдан бөлек, қаладағы «Телемұнара» мөлтек ауданында құрылысы жүріп жатқан «Жайлы мектептің» жай-күйін бақылады. Құрылыс алаңында болған аудан әкімі жауапты мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын сапалы орындау керектігін айтты. Сондай-ақ, аталған жоба аясында аудан орталығындағы А.Сүлейменов атындағы 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі