ТҮРКІСТАН: «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында арыстағы ауылдардың ажары артуда

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Бүгінде Арыс қаласында «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында игі істер атқарылуда. Аталған бағдарлама шеңберінде Арыс қаласына қарасты Жиделі ауылдық округіндегі жолдарға асфальт жабындысы төселіп жатыр. Биыл жергілікті бюджет есебінен қала көлемінде 9 көшеге асфальт төсеу және 25 шақырым жолға тас төсеу жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында үш елді мекенде орналасқан 13 көшеге жол салу көзделуде. Арыс қаласындағы Жиделі ауылында табиғи газ кіргізу және ауылішілік жолдар салу жұмыстары қарқынды жүруде. Өткен жылы Жиделі ауылында асфальт төселіп, аяқжол мен жарықшамдар орнатылған болатын. Ал биыл қалған 5 көшеге жол салынып жатыр. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі