ТҮРКІСТАН: Сауран ауданында биыл 30-ға жуық көшеге асфальт төселеді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Биыл «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Сауран ауданындағы 29 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа асфальт төселмек. Нәтижесінде жыл соңында аудандағы қанағаттанарлық жолдардың сапасы 69 пайызға жетеді. Бұдан бөлек, аудандағы 48 шақырым топырақ жолға тас төсеу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, қазіргі таңда аудандағы облыстық маңызды КХ-58 «Бабайқорған-Қарнақ-Кентау» автомобиль жолы мен көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Еске сала кетсек, наурыз айында жауын салдарынан аудандағы КХ-58 «Бабайқорған-Қарнақ-Кентау» автомобиль жолы бойындағы көпірді су шайып, өтпелі плиталары опырылып құлаған. «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан уақытша айналма жол ұйымдастырылып, көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Атқарылған жұмыстарға 5 техника мен 10 жұмысшы жұмылдырылған. Айта кетсек, ауданда 105 шақырымды құрайтын республикалық, 326 шақырымдық облыстық, 119,3 шақырымды құрайтын аудандық маңызды автомобиль жолдары бар. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі