Түркістан облысының мақта өнімдері Еуропаға экспортталып жатыр

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Мақтаарал ауданындағы мақта талшығын өңдеу зауытының өнімдері Еуропа елдері мен Қытай Халық Республикасындағы жіп иіру фабрикаларына экспортталуда. Аудандағы «Cotton Makta» ЖШС-ң басшысы Қабыл Боевтың айтуынша, жергілікті мақта сапасының жоғары болуы - шетелдік компаниялардың қызығушылығын арттырып отыр. Зауыттың жылдық қуаттылығы - 60 мың тонна, тәулігіне 600 тонна мақта талшығын өңдейді. Қазіргі таңда өндіріс орнында 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Заманауи техникалармен жабдықталған кәсіпорын алдағы уақытта ауқымын кеңейтуді көздеп отыр. Жобаның жалпы құны 3 млрд теңгені құрайды. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі