САУРАН: Иассы ауылында 20-дан астам кәсіпорын ашылмақ

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Сауран ауданы тұрғындарының кәсіпкерлік саласына қызығушылығы жоғары. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік саны жыл сайын артып келеді. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров дәл осы мақсатта Иассы ауылдық округінің кәсіпкерлерімен кездескен болатын. Онда аталған аймаққа кәсіпкерлік нысандардың дамуына қолдау көрсету мақсатында 12 гектар жер телімі бөлінген. Бөлінген аумақта 20-дан астам үлкен, кіші цехтар мен өндіріс орындары ашылады. Алдағы уақытта кәсіпкерлермен меморандумға қол қойылып, құрылыс жұмыстары басталмақ. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі