Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауыл округінің тұрғыны Айғаным Қабылбекова «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында кәсіп бастаған. Көпбалалы ана бағдарлама арқылы 7 млн теңге несие алып, наубайхана ашқан. Бұл қаражатқа кәсіпкер өндіріске қажетті заттар сатып алған. Бүгінде ол күніне 400 дана нан пісіріп, ауыл тұрғындарын қамтып отыр. Бір нанның бағасы 130 теңге көлемінде.
«Пилоттық жоба аясында несие алып, кәсібімізді дөңгелетіп отырмыз. Алған қаржыға екі газ плитасын, арнайы қондырғылар мен тоңазытқыш сатып алдық. Күнделікті өнімдеріміз ауыл-аймақ пен балабақшалардан артылмайды. Одан бөлек, арнайы тойға да тапсырыс аламыз. Кейде көршілес ауыл тұрғындарына да тапсырыс береді»,- дейді кәсіпкер.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі