Жаңақұрылыс аумақтарына инфрақұрылым жүйелерін әзірлеу және заңсыз қүрылыстарды зерделеу туралы талқыланды

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Аудан әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен Сайрам ауданы бойынша Жаңақұрылыс аумақтарына инфрақұрылым жүйелерін әзірлеу және аудан аумағындағы 2024 жылғы заңсыз құрылыстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәжіліс өтті. Жиынға тиісті сала және дербес бөлім басшылары қатысты. Мәжіліс барысында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Алибжан Ибрагимов ауылдық округтердегі елдімекендердің оңтайландырылған бас жоспарына тоқталды. Бұдан бөлек, бірқатар ауылдық округ аумағында нысаналы мақсатына сай салынбаған бірқатар нысандарға Түркістан облысының бақылау басқармасы тарапынан қажетті шаралар қабылданып, бүгінде тексеру жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді. Жиынды қорытындылаған аудан басшысы ауыл округі әкімдеріне ауыл округі аумағындағы бос жер телімдеріне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, мемлекет мұқтажына қайтару мүмкіндігін анықтауды, бірінші кезекте, инфрақұрылым жүйелерін жүргізуге назар аударуды, Бәйтерек, Алаш, Қарасу, Құтарыс, Әсіларық, Ақарыс, Қарабұлақ ауылдарының бас (оңтайландырылған) жоспарларын жүзеге асыру барысында аталған ауылдарда орын алған заңсыз құрылыстар, қызыл сызық аймақтары және т.б. орын алған кемшіліктерді түзету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, бөлім басшыларына бас жоспар бойынша тұрғын үй құрылысы үшін бөлінетін жер телімдерін мемлекет мұқтажына қайтаруға қатысты жұмыстар жүргізуді, бос жерлерге тартылатын инфрақұрылым жүйелерінің қосылу нүктелерін зерделеп, жоқ болған жағдайда жобалау-сметалық құжаттарын дайындауды тапсырды. Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі