Сайрамда мал қалдықтарынан биогаз өндіретін зауыт салынады

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Қазіргі таңда Сайрам ауданында түрік технологиясының негізінде бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қолға алынуда. Олардың қатарында түрік инвесторлары қызығушылық танытқан ауыл шаруашылығы саласындағы жоба да бар. «Burabai biogas&fertilizers factory» ЖШС компаниясы ауданымыздың қазынасына инвестиция құюға ниетті. Жылдық қуаты сағатына 4,95 МВт биогаз өндіруге қауқарлы компанияның өкілдері аудан әкімі Арман Сәбитовпен кездесті. Басқосу барысында кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту мақсатында ауданда 15 га аумаққа мал қалдықтарынан биогаз өндіретін зауыт салуды талқылады. Бұдан бөлек, биогаз өндірісінің патенттелген технологиясының қатты, сұйық органикалық және органоминералды тыңайтқыштарды біріктіретін, жұмыс істеу икемділігінің тиімділігіне тоқталды. 2024-2025 жылдары салынатын биогаз зауытының эскиздік жобасы жайлы жоспарларымен бөлісті. - Жобаны жүзеге асыру үшін алдымен біз жоспарды және жұмыстың орындалу мерзімін анықтап алуымыз қажет. Жұмыстардың кезең-кезеңімен жүргізілетіні жөнінде мәлімет толығымен жинақталуы тиіс. Қазіргі сіздер ұсынған жобаларға қатысты заң аясында қолдау қарастырылады. Аудан аумағында өндіріс көлемін көбейту – біздің басты мақсатымыз, – деді Арман Сәбитұлы. Жалпы құны 5,5 миллиардтан асатын аталмыш компания Қазақстан аумағында 2019 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл жоба негізінен органоминералды тыңайтқыштар мен мал қалдықтарын өңдеуге, биогазды тазарту процесінен өткізіп, электр және жылу энергиясын жетілдіруге бағытталған. Аталмыш өндіріс нысаны іске қосылғанда мал қалдықтары пайдаға асып, толығымен қайта өңделетін болады. Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі