Аудан әкімі Арман Сәбитов жауапты тұлғалармен бірге Ақсукент ауылындағы жол құрылыс жұмыстарының барысын бақылауға барды. Аралау аясында Ақсукент ауылындағы облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолының 25,5-33,8 шақырым аралығы (Рубин мен А-2 Өзбекстан-Ташкент-Шымкент-Алматы-республикалық маңызы бар автомобиль жолы 8,3 шақырым) жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді.
Бүгінгі таңда «Береке-А» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан екі қабат жаңа асфальт жабындысын төсеу, суағарлар мен аяқжолдар салу секілді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоғарыда аталған құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң, келесі айдың басында жолды ашу жоспарланып отыр.
Тұрғындар қатынасы мен көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау үшін аудан әкімі Арман Сәбитұлы тиісті тұлғаларға құрылыс жұмыстарын сапалы, әрі уақытылы жүргізуді жүктеді.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі