Аудан аумағында салынатын арендалық тұрғын үйлер туралы талқыланды

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Сайрам ауданы әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға тиісті сала және дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде аудан аумағында салынатын арендалық тұрғын үйлер туралы мәселелер көтерілді. Аталмыш бақосу аясында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Алибжан Ибрагимов мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй кезегінде тұрған аудан аумағындағы азаматтар туралы баяндады. Атап айтқанда, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік қорғалуға жататындар санаты мен мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлерінің көрсеткіштеріне жеке-жеке тоқталды. Бұдан бөлек, Ақбастау, Қасымбек датқа және Манкент ауылдарында орналасатын арендалық тұрғын үйлердің эскиздік жобаларымен бөлісті. Сондай-ақ, арендалық тұрғын үйлер салу үшін Қарасу ауылдық округі, Ақбастау ауылынан жер телімі қаралып, «Сайрам аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан жер мемлекеттік актісі дайындалып жатқанын айтты. Ал аталған жер теліміне аукцион өткізу арқылы, арендалық тұрғын үйлер сатып алу жоспарланып жатқанын жеткізді. Жиынды қорытындылаған аудан басшысы тұрғын үйлерді инженерлік-коммуникациялық жүйелерімен қамтамасыз ету бойынша инвесторлармен жүйелі түрде келіссөздер жүргізуді тапсырды. Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі