Биыл 118,9 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Биыл өңірімізде жұмыспен қамту шаралары қарқынды жүруде. Нақтырақ айтсақ, осы жылы 140,2 мың тұрғынды жұмыспен қамту шараларын іске асыру қолға алынған. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бекіткен «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында биыл 118,9 мың жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Ал, өңірлік карта аясында 74,1 мың адамға тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі. Бүгінде өңірлік карта бойынша 45 197 жұмыс орны ашылды, оның 15 289-ы тұрақты. Бұл ретте, Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде «10 мың тұрғынға – 100 жұмыс орны» бағдарламасы арқылы 4 345 тұрақты жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, Ұлттық жобалар бойынша 3671 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Жалпы облыс көлемінде 43,3 мың адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, бүгінде 10 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Ал, 43,2 мың адамды уақытша жұмыс орындарына жолдау көзделіп, нақты 20,5 мың адам субсидияланған уақытша жұмыс орындарына жіберілді. Айта кетейік, Түркістан облысында кәсіпкерлік саласына үлкен қолдаулар көрсетіліп келеді. Оған дәлел, биыл 7,2 мың адамға кәсіпкерлік бастамаларына грант және шағын несие беру қарастырылуда. Атап айтқанда, әлеуметтік осал топтағы азаматтар арасынан 1 793 адамға бизнес-идеясын дамытуға гранттар беру, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 4 803 жаңа жұмыс орнын ашу, 621 жас кәсіпкерге 2,5 пайызбен 5 млн. теңге жеңілдетілген шағын несие беру көзделуде.