Түркістан: Арысқа шетелдік инвесторлар келді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова Түркия республикасынан келген STF компаниясы өкілдерімен кездесті. Аталған компания ауыл шаруашылығы саласында ағын суды үнемдеуге арналған қондырғыларды өндіруде көшбасшы компаниялардың бірі саналады. Шаһар басшысы шетелдік инвесторларға Арыс қаласында өндіріс саласы өркен жайып келе жатқандығын, инвесторларға қолайлы климат қалыптастыру бойынша жан-жақты жұмыстар атқарылып жатқандығын айтып өтті. Кездесу барысында қалада орналасқан ірі кәсіпорын «MEGA-AGAT» басшысы Әлішер Рүстембек пен түркиялық «STF» компаниясының өкілі Диш Ахмет арасында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы талқыланды. Оның ішінде жаңбырлатып (сплинкерлік жүйе) және тамшылатып суару жүйесін шығаратын компания өнімдерін осы Арыс қаласында өндіру жайы сөз болды. Бұл екі компанияға да тиімді болмақ. Арыстық кәсіпорын суды үнемдеуге арналған қондырғыларға қажетті жабдықтар мен оған қажетті шикізатты өздері өндіреді. Сол арқылы қаламызда жаңа жұмыс орындары да пайда болмақ, әрі жергілікті диханшыларға ешқандай делдалсыз ауыл шарушылығына аса қажетті технологияға қол жеткізу оңайға түспек. Шетелдік компания өкілдері Арыс қаласының логистикалық әлеуетін жоғары бағалайтындығын, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендігін атап өтті. Бүгінгі таңда, Арыс қаласында орналасқан «Qazaq Аgro Аstyk» ЖШС-гі Түрік компаниясымен бірлескен жоба бастап қойған. Яғни, 80 гектар жерге егін еккен қожалық, суды үнемдеу мақсатында аталған компаниядан жаңбырлатып суаруға арналған технологиясын пайдаланбақ.Түркістан облысы, Арыс қаласында өндірілетін минералды суға қытайлық компания қызығушылық танытып отыр. Бүгін Арыс қаласына Қытай Халық Республикасынан инвесторлар келді. Қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық шетелдік қонақтарға қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын баяндап, қала әкімінің бастамасымен Арысқа тартылып жатқан инвестициялық жобалар туралы айтып өтті. Бұдан кейін меймандар «Арыс минералды су» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Серіктестік директоры Руслан Полатханұлы өндіріс орнымен жан-жақты таныстырып, кешенді дамытуға арналған алдағы жоспарларымен бөлісті. Белгілі болғандай, инвесторлар бұған дейін «Arys» брендімен танымал емдік судың құрамын анықтау үшін арнайы сараптамадан өткізген. Зертханалық жұмыстардың қорытындысы бойынша отандық өнім табиғи тазалығы әрі денсаулыққа пайдалы минералға бай екендігі анықталған. Осыған сәйкес, компания басшылығы «Арыс Минералды Су» ЖШС-мен әріптестік орнатып, инвестиция салуға, сондай-ақ Қытай еліне емдік дәруменге бай ауызсуды үлкен мөлшерде экспорттауға ниетті. Сәтін салса, Түркістан өңірінің бренді саналатын «Arys» минералды ауызсуы шетел нарығына шығарылады деген үміт бар. Айта кетейік, Арыс қаласында орналасқан «Арыс минералды су» ЖШС-і жылына 18 млн. литр минералды су өндіреді. Бүгінде 20-дан астам адам жұмыс істеп, тәулігіне 15 мың құты су шығарып отыр. Шипалы сусын 1870 метр тереңдіктен алынады. Судың емдік қасиеті мол, ол жөнінде курортология институтының қорытындылары алынған. Қазіргі таңда серіктестік 0,5; 1; 1,5; 5; 19 литрлік құтыларға газдалған және газдалмаған су шығарады. Бүгінгі таңда табиғи минералды ауызсу Арыс қаласы мен Түркістан облысының өзге аудандарына, Алматы, Қызылорда, Шымкент облыстарына жөнелтілуде.