Түркістан облысының делегациясы Кореяның фармацевтикалық компаниясымен меморандумға қол қойды

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған облыс делегациясы Оңтүстік Корея мемлекетіне іссапары аясында бірқатар ірі компанияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізіп, бірлескен жобаларды іске асырудың мүмкіндіктерін қарастырды. Атап айтқанда, Dong Sung фармацевтикалық компаниясының бас директоры Ян Гу Лимен кездесті. Кездесу қорытындысымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. 1957 жылы салауатты өмір салтын сақтау мақсатында құрылған компания дәрі-дәрмек, косметика және тұрмыстық заттар өндіреді. Компания фотодинамикалық терапияны дамытуда. Бұл қатерлі ісік ауруын емдеуді жеңілдетеді және ем-домнан соң жанама әсерлердің аз қаупімен емдеуді тиімді етеді. Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының шақыруымен өңірге әлемге танымал Корея мемлекетінің Пучон қаласындағы Сунчонхян медициналық орталығының профессоры, онкологиялық әрі халықаралық хирургтар қоғамының ресми мүшесі Ким Хен Чоль келген еді. Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Келісімге сәйкес облыстың онколог-дәрігерлері жылына екі рет Корея елінде біліктілік арттыратын болады. Сондай-ақ шетелдік жоғары білікті дәрігерлер жерлес науқас азаматтарымызға өз елдерінде тегін медициналық көмек көрсетпек. Профессор Ким Хен Чольдың медицина саласында жеткен жетістіктері көп. Атап өтер болсақ: Барселона Испан медициналық университетінің бас профессоры, Халықаралық Гепато-панкреато-Биллиарлық қауымдастығының, Азиядағы эндоскопиялық және лапароскопиялық хирургтар қоғамының ресми мүшесі.Жоғары білікті дәрігер өт тас ауруы, өт шығару жолдары, бауыр обыры, ұйқы безі обыры, лапароскопиялық операциялар, сүт безі обыры, эндокринологиялық хирургия, бүйрек және бауыр трансплантациясы сияқты күрделі емдеу мен операцияларын жасайды. Мамандар қатерлі ісіктің осы түрлерін емдеудің және ота жасаудың күрделілігін айтып отыр.Профессор 2011 жылдың маусым айында Кореяда бірінші болып қан құюсыз бауыр трансплантациясы бойынша жоспарланған отаны сәтті өткізген. Профессор Түркістан қаласының Орталық қалалық ауруханасында өткен семинарға да арнайы қатысып, облыс дәрігерлерімен бауыр обырын емдеу бойынша тәжірибесімен бөлісті. Соңынан науқастарды қабылдап, дәрігерлік кеңес берді. Ким Хен Чоль мырза емдеу түрін жетік меңгерген колоректальды обыр немесе тоқ ішек, бауыр ісігі онкологиялық аурулар арасында жиі кездесетін түрлері. Қазіргі таңда барлық дамыған елдерде, оның ішінде Ресейде де өсу қарқыны байқалады.Профессор 2011 жылдың маусым айында Кореяда бірінші болып қан құюсыз бауыр трансплантациясы бойынша жоспарланған отаны сәтті өткізген. Профессор Түркістан қаласының Орталық қалалық ауруханасында өткен семинарға да арнайы қатысып, облыс дәрігерлерімен бауыр обырын емдеу бойынша тәжірибесімен бөлісті. Соңынан науқастарды қабылдап, дәрігерлік кеңес берді. Ким Хен Чоль мырза емдеу түрін жетік меңгерген колоректальды обыр немесе тоқ ішек, бауыр ісігі онкологиялық аурулар арасында жиі кездесетін түрлері. Қазіргі таңда барлық дамыған елдерде, оның ішінде Ресейде де өсу қарқыны байқалады.