Сауран ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы басталды

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Сауран ауданының орталығы Шорнақ елдімекенінде көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары басталды. Аудан тұрғындарын баспанамен қамту мақсатында 3 қабатты 3 тұрғын үй бой көтермек. Заманауи тұрғын үй кешенін 2024 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Пәтерлер саны – 72, жалпы ауданы – 1 264 шаршы метр. Онда 1 бөлмелі – 6 пәтер, 2 бөлмелі – 12 пәтер және 3 бөлмелі – 6 пәтер салынады. Тұрғын үй кешені Шорнақтың баспана қорын толықтырып қана қоймай, аудан орталығының келбетіне көрік сыйлайтын болады. Жобаны іске асыру үшін инвестор «Грандстрой Компаниясы» ЖШС анықталған. Сонымен қатар, ауданның әкімшілік іскерлік орталығында бүгінгі таңда әкімшілік пен прокуратура ғимараттары пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция бөлімі және аумақтық органдары ғимараттарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі