ТҮРКІСТАН: Сауранда орындық шығаратын цех іске қосылды

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Сауран ауданындағы Иассы ауылдық округінде үстел, орындық дайындайтын цех іске қосылды. Осыған орай аудан басшысы Мақсат Таңғатаров арнайы барып мекеме жұмысымен танысты. «Хайдаров Валид» жеке кәсіпкерлігі 12 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Өндіріс орны айына 400-ге жуық үстел шығаруға қауқарлы. Өз қаражаты есебінен кәсібін дөңгелетіп отырған цех басшысы Валид Хайдаров өнімдеріне облыс көлемінде ғана емес, еліміздің әр өңірінен сұраныс болып жатқанын айтады. Цехтың жобалық құны - 300 миллион теңге. Айта кетейік, Сауран ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Бұл мақсатта мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетілуде. Түрлі бағдарламалар қабылданып, кәсіп ашамын дегенге азаматтарға мол мүмкіндіктер берілуде. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі