ТҮРКІСТАН: Сауранда «Ауыл аманаты» бағдарламасымен жылына 3 мыңнан астам жиһаз дайындайтын цех ашылды

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Сауран ауданындағы Оранғай ауылдық округінде демалыс орындарына арналған үстел, орындық және темір есіктер дайындайтын цех іске қосылды. Жеке кәсіпкер Бабыр Насыров «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 5 млн.теңге несие алып, кәсібін бастаған. Бүгінде өндіріс орны заманауи технологиялармен жабдықталған. Сондай-ақ, цех жылына 3000-нан астам темір есік пен үстел дайындауға қауқарлы. Бүгінде кәсіпкер 12 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Олардың жалақысы 250-300 мың теңге аралығында. «Қазіргі таңда жиһаздарымызға сұраныс көп. Түркістан қаласы мен Сауран ауданының тұрғындарына өнімдерімізді өткізіп отырмыз. Негізінен қажетті жабдықтарымызды арнайы Өзбекстан елінен алдырамыз. Бүгінде жиһаз өндіру саласы қарқынды дамып, кәсіп жасаймын деген азаматтарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетіліп келеді. Жылдан жылға елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл жиһазға деген қажеттілікті арттырады. Осылайша біздің өнімдерге сұраныс арта түспек», - дейді өндіріс орнының басшысы Бабыр Насыров. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі