Жас кәсіпкерлерде идея дегеніңіз жетеді!

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды өткен апта соңында жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Еркін форматтағы басқосуда жас кәсіпкерлер өздерінің облыс аумағында атқарып жатқан жұмыстарының барысымен және алдағы жоспарларымен бөлісті. Жас кәсіпкерлер әсіресе құрылыс, логистика, фармацевтика салаларына инвестиция салуға ниетті. Сондай-ақ, Түркістан қаласындағы өндірістік паркте орналасқан жиһаз шығаратын кәсіпорын бағытын кеңейтуді де жоспарлауда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды кәсіпкерлердің инвестициялық жобаларын толық инфрақұрылыммен қамтамасыз ететіндіктерін және мемлекет тарапынан басқа да қолдаулар болатынын жеткізді. – Қазіргі уақытта кәсіппен айналысуға мүмкіндіктер өте көп. Біз кәсіпкерлердің бизнес идеялары мен старт-ап жобаларын іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Ол үшін барлық мүмкіндіктер бар. Өңірдің өзіндік кірістерін көтеруге жұмыла еңбек етуіміз керек. Жаңа жұмыс орындарын ашу өте маңызды. Бізге экономиканы дамыту бағыттарын өзгертіп, жұмысты күшейту керек. Жастарымыз өте еңбекқор. Оларға өз өңірімізде ашылған зауыт-фабрикаларда еңбек етулеріне жағдай жасағанымыз жөн, – деген өңір басшысы алдағы уақытта осындай кездесулердің жиі ұйымдастырылатынын және мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін жеткізді. 2023 жылы облыс әкімінің бастамасымен Түркістан облысындағы кәсіпкерлерді Қытай Халық Республикасына тәжірибе алмасу, жаңа технологияларды облысқа тарту мақсатында бірнеше рет іссапарлар ұйымдастырылды. Нәтижесінде облыс аумағында жаңадан фабрикалар салына бастады, шағын зауыттар да көбеюде. Инвесторлар үшін Түркістан облысында бизнес-климат өте қолайлы. Облыс көлемінде 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды аймақ және 580 гектардан тұратын арнайы экономикалық аймақтар бар. Бұл аймақтарда 49 кәсіпорын жұмыс істейді. Қосымша 39 жобаның құрылысы жүргізілуде.