ТҮРКІСТАН: Кентау қаласында көпқабатты екі тұрғын үйдің құрылысы басталды

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Түркістан облысындағы аудан, қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жалғасуда. Кентау қаласында қала тұрғындарын тұрғын үймен қамту мақсатында 2 үйдің құрылысы басталды. Аталған нысанның құрылысы қаладағы Ш.Уәлиханов көшесінде жүргізіліп жатыр. Мердігер мекеме – «Сами Строим» ЖШС. Көпқабатты тұрғын үйлер жеке инвестор есебінен салынуда. Тұрғын үйлер 3 қабатты 30 пәтерлі. Жалпы пәтер көлемі 858,0 шаршы метрді құрайды. Екі тұрғын үй кешенінде 30 пәтерден болады. Оның ішінде, 2 бөлмелі 12 пәтер және 3 бөлмелі 13 пәтер бар. Қазіргі таңда қазандықты қазу жұмыстары басталды. Тұрғын үйлерді 2024 жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда. Тұрғын үйлер стандарттарға сай бой көтеріп, аулалары балалар ойын алаңшасымен және көлік тұрағымен қамтылады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі